$ 494.87  520.65  4.91

Қытайда жаңа вирус шықты: оны да жарқанаттар таратқан

Оған Ланье деген атау берілді.

Қытай ғалымдары жаңа генипавирусты анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы REUTERS басылымына сілтеме жасап.

Оған Ланье деген атау берілді. Қытайдың екі провинциясында аталмыш дертпен 35 адам ауырып жатыр. Бұл әзірге басы дейді мамандар. Генипавирустың симптомдары:

  • дене қызуының көтерілуі;
  • әлсіздік;
  • тершеңдік;
  • жөтел;
  • жүрек айну;
  • құсу;
  • тәбеттің жоғалуы;
  • бұлшық еттің сыздауы.

Қауіпті індеттің белгілері ротавирус, суық тию, улану және коронавирусқа қатты ұқсайды. Тіпті, шатастырып алуға болады. Бұл тек сыртқы ұқсастық. Ланье сонысымен де қауіпті дейді ғалымдар. Себебі, оны ең мықты дәрігерлердің өзі анықтай алмауы мүмкін.

Қытайда пайда болған жаңа індетті COVID-19 сияқты жарқанаттар тасымалдайды. Алайда ғылым генипавирусты адамнан адамға жұқпауы керек дейді. Себебі, бұрын мұндай жағдай кездеспеген.

Ресейдің вирустық инфекциялардың алдын алу және емдеу жөніндегі ғылыми-ақпараттық орталығының дәрігері Георгий Викулов:

«Індет әлемге таралады деп қауіптену орынсыз. Бұл табиғи ошақтық вирус. Ол жануардан ғана жұғады. Адамнан адамға берілмейді», – деді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары