$ 494.87  520.65  4.91

Мамандар Хагги Вагги құбыжық ойыншықтарының балаларға қауіпті екенін айтып дабыл қақты

Мұндай қорқынышты құбыжықты күнде жанында алып жүрсе, сонымен бірге ойнап, сонымен бірге ұйықтаса, бала біртіндеп оның көңілсіз, зұлым, қатыгез келбетін өз бойына көшіре бастайды.

Мамандар қазіргі кезде балалар арасында сұранысқа ие болған Хагги Вагги ойыншығының балалар психологисына тигізер әсерінің жаман екенін айтты. Бұл құбыжық ойыншықтары бақыт гормонының төмендеуіне, психикалық ақаулар мен күйзеліс туындатады, деп хабарлайды КТК арнасы.

Хагги Вагги ойыншық құбыжығы қазір балалар арасында өте танымал. Бір қарағанда қорқынышты құбыжық бейнесіндегі жұмсақ ойыншықты балалар керісінше жақсы көреді. Сатушылар бұндай ойыншықтың күніне 20 шақтысы сатылатынын айтады. Ал олардың бағасы 1 500 теңгеден 7 мың теңгеге дейін. 

“Көбіне дүкенге келген балалар бірден Хагги Вагги, Кисси Мисси ойыншықтарының сөресіне қарай жүгіреді. Кейбір ата-аналар әсіресе ата-әжелер ойыншықтың қорқынышты екенін айтып, балаларына ұрысып жатады. Алайда, балалар көрсеткен машинаға да, қуыршаққа да қарамай тек осы ойыншықты таңдауда”, - деді балалар ойыншықтары дүкенінің менеджері Ұлан Ашикбаев.

Хагги бұл компьютерлік ойындағы ойыншыға шабуыл жасаушы құбыжық. Бұл қорқынышты алып құбыжық құшақтауды біледі. Сондықтан да оның аты ағылшын тілінде “to hug” “құшақтау” деген мағынаны білдіреді.

Алайда кей ата-аналар бұл ойыншықтың қауіпті деп ойламайды.

“Мен бұл ойыншықтың балалар психикасына әсері бар деп ойламаймын. Егер шынымен қорқынышты болса, балалар оған өздері-ақ жақындамайды. Оларға ұнап тұрса демек ешқандай қорқыныш жоқ. Мен бұл құбыжықтарға жәй ғана ойыншық ретінде қараймын”, - деді үш баланың анасы Ирина Варкунова. 

Психологтар керісінше, дабыл қағуда. Олар бұл ойыншықтың бала психологиясында бақыт гармонын төмендетіп, күйзеліске көп түсуіне ықпал ететінін айтады.

“Бұл ойыншықтың түрінің өзі бала психологиясына қатты ықпал етеді. Бала писхикасы әлі қалыптаспаған таза күйінде болады. Ол осы тұста айналасындағы барлық дүниелерді өзіне сіңіреді. Мұндай қорқынышты құбыжықты күнде жанында алып жүрсе, сонымен бірге ойнап, сонымен бірге ұйықтаса, бала біртіндеп оның көңілсіз, зұлым, қатыгез келбетін өз бойына көшіре бастайды. Ойыншық бейнесіндегі эмоцияны өзіне қабылдайды”, - деді отбасылық психолог Ержан Мырзабаев.

Алайда психолог балалардың қорқыныш факторын жеңу жолында бұл ойншықтың пайдасы бар екенін айтады. Бірақ баланың ойыншықтың қандай тұстарын қабылдайтыны белгісіз.

“Егер бұл ойыншықты алып қойған болсаңыз, оны баладан тез арада тартып алудың қажеті жоқ. Бала психологиясында сатып алынған әрбір жаңа затты ол ешкімге бермей, ешкімге ұсынбай тек өзі ойнағысы келеді. Сондықтан балаңыздың ойыншыққа қызығушылығы төмендеуін бірнеше уақыт күткеніңіз жөн”, - деп қосты психолог.

Осы орайда мамандар балаларға қорқынышты құбыжық, зұлым кейіпкерлерге қарағанда, көңілді, жүзі жылы ойыншық бейнелерін таңдаудға және мейірімділікке насихаттайтын мультфильмдерді жиі көрсетуге кеңес берді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары