$ 494.87  520.65  4.91

Шығыс Қазақстанда шенеуніктер қарттар үйіне бөлінген 7,4 миллион теңгені жымқырған

Қазір іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қылмысты Қаржы мониторингі агенттігінің ШҚО бойынша аумақтық департаменті анықтаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Зевакино арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының шатырын күрделі жөндеуден өткізу барысында бюджет қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактісі анықталды. Ол факт бойынша лауазымды тұлғаларды тергеу басталды», - деп хабарлады агенттіктен.

Агенттік қарттар мен мүгедектер үйінің лауазымда тұлғаларының 2019 жылғы қараша мен 2020 жылдың мамыры аралығында орындаған жұмыстардың актілеріне жалған мәлімет енгізу арқылы 7,4 млн теңге ақша қаражатын ұрлағаны белгілі болғанын хабарлайды. Қазір іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары