$ 498.34  519.72  4.85

Ақмола облысында ересектердің қарауынсыз қалған екі балаға ыс тиіп қайтыс болды

Түтінді көрген көрші терезені сындырып, балаларды таза ауаға шығарып, өрт сөндірушілерді шақырған.

Ақмола облысында ересектердің қарауынсыз қалған екі балаға ыс тиіп қайтыс болды. Бұл туралы Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті.

Бүгін, 11 тамызда Жақсы ауданының Жаңа Қима кентінде екі пәтерлі тұрғын үй түтіндеген. Қараусыз қалған 2019 және 2017 жылғы туған екі баланың сіріңкемен ойнаулары нәтижесінде жиһаз өртеніп кеткен. Түтінді көрген көрші терезені сындырып, балаларды таза ауаға шығарып, өрт сөндірушілерді шақырған. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына 5 минут ішінде жетті.

Түтіннен уланған балалар Қима ауылдық ауруханасына дереу жеткізіліп, медициналық мекемеде естерін жимастан көз жұмды.

Қайғылы оқиға кезінде балалардың әкесі жұмыста болғандығы, ал анасы аз уақытқа дүкенге кеткендігі белгілі болды. Өрттің алдын ала себебі – балалардың отпен ойнауы.

Шақыру орнына Жақсы ауданының 13-ӨСБ жанындағы Жаңа Қима ауылының 28-ӨП өрт сөндіру бөлімінен 3 адам және бір бірлік техника шықты.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналардан жас балаларын жалғыз қалдырмауларын сұрайды. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.

Azattyq Rýhy

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#өрт #Ақмола