$ 498.34  519.72  4.85

Торғай даласына ракета құлады

Бөлшектің құлауынан далада пайда болған өртті сөндіруге көршілес Амангелді ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері шақыртылған.

Құлаған ракета бөлшегін жергілікті тұрғындар суретке және видеоға түсіріп алған. 

Kommersant.ru мәліметінше, «Союз-2.1б» ракета Байқоңыр ғарыш айлағынан 9 тамыз күні сағат 08:52-де ұшырылған.

«Басты миссиясы – ирандық «Хайям» спутнигін және басқа 16 кіші Жер серіктерін орбитаға алып шығу. Ракета ұшырылғаннан кейін бірнеше минут өткен соң «Фрегат» үдету блогы құрамындағы басты блок ракетаның үшінші деңгейінен бөлініп түсті. Ары қарай «Фрегат» орбитаға жол бастады», – делінеді сайт хабарламасында.

Жангелдин ауданы аумағына түскен ракета бөлшегінің суреті мен видеосын жергілікті тұрғындар мессенджерде белсенді таратып жатыр. Олардың айтуынша, бөлшектің құлауынан далада пайда болған өртті сөндіруге көршілес Амангелді ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері шақыртылған.

Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын ғана Нұрман Емберген есімді Facebook тұтынушысы ракета қалдықтарының Ақкөл ауылы маңына құлағаны туралы жазған еді.

«Тасыр-тұсыр. Гүрс-гүрс. Сұмдық екен. Үш жерден көтерілген «саңырауқұлақ» түтін. Алғаш көруім. Түскі сағат 12-де ракета құлайды деп елге хабарланды. Алдын ала дайындық жұмысы жүргізіледі екен. Ел кәдімгідей төселіп қалыпты, еттері үйренген. Мал-жандарын түгендеп, қалдық құлайтын аумаққа кетпеуін қадағалап, күйбең тірлігін жасап жатты. «Алла бас амандығын берсін. Өртке ұласып кетпесе екен. Қайран, соры мықты Торғайым» деді қасымдағы ақсақал» деп жазды ол.

Қостанай таңы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары