$ 443.85  474.3  4.8

«Қазақстан халқына» қоры білім беру грантының санын көбейтті

Білім беру грантына үміткерлерді іріктеу критерийлерімен қордың qazaqstanhalqyna.kz сайтынан танысуға болады.

"Қазақстан халқына" қоры "Қазақстан халқына" ҚҚ білім беру гранттары" қайырымдылық бағдарламасы бойынша гранттар санын көбейтті, деп хабарлайды Экспресс К.

Бакалавриат бағдарламалары бойынша студенттер мен талапкерлерге барлығы 2 350 грант бөлінген, ал шәкіртақының белгіленген мөлшері — 40 мың теңге.

Бастапқы кезде 360 грант бөлу жоспарланған. Алайда өтініштер санының көп болуына байланысты гранттар саны көбейтілді.

Білім беру грантына үміткерлерді іріктеу критерийлерімен қордың qazaqstanhalqyna.kz сайтынан танысуға болады.

«Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасын іске асыру шеңберінде талапкерлер мен студенттерден гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталды.

Талапкерлерге арналған білім гранттары мен шәкіртақылардың саны әрбір университетке 10 грантқа дейін, ұлттық университет үшін 20 грантқа дейін көбейтілді.

Қордың 2022-2023 оқу жылының талапкерлеріне арналған білім беру гранттары мен стипендияларының жалпы саны - 850.

Бұл гранттар ҰБТ-дан өткен және оның нәтижесі бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына (ЖЖОКБҰ) түсуге қажетті балын жинаған талапкерлерге берілетінін атап өту керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары