Автокөлік иелері қалада сатып алатын дизель отыны болмай тұр деп мәлімдейді, – mangystaumedia.kz.
очник: https://mangystaumedia.kz/kk/zhanalyktar/mangystau-zhanalyktary/115717 сатып алу болмай тұр Источник: https://mangystaumedia.kz/kk/zhanalyktar/mangystau-zhanalyktary/11571сатып ала алмай ж деп мәлімдейді, mangystaumedia.kz.– Қала аумағында 20 литрден беріліп жатыр, таң атар-атпас жанармай бекетін жағалап, алып үлгеруге тырысудамыз. Бүгін бізге дизель отынының қоры тек төрт күнге ғана жететіндігін хабарлады, – деп жазып жатыр қала тұрғындары.
Маңғыстау облысының энергетика және ТКШ басқармасында дизель отынымен қамтудағы шиеленіс егін жинау науқанының басталуымен байланыстырады.
– Егін жинау науқанының басталуына орай жыл сайын республика бойынша дизель отынына тапшылық туындайды. Бірінші кезекте отынның мол көлемі ауыл шаруашылығы техникасына май құю үшін жұмсалады, сондай-ақ транзиттік көлік қозғалысы үшін қолданылады. Бұл мәселе әкімдіктің жіті бақылауында, – деп хабарлады басқармадан.
Айта кетер жайт, Маңғыстауда дизель отыны Атырау МӨЗ-нен келеді. Айлық тұтыну мөлшері шамамен 18 мың тоннаны құрайды. Өңірде бүгінде 2,5 мың тонна қор сақталған. Әкімдікте жөнелтілген дизель отынының мөлшері туралы ақпарат күн сайын берілетіндігін мәлімдеді.