$ 494.87  520.65  4.91

«Ине» - әйгілі Цой мен Қазақстан арасындағы байланыс

2010 жылы өткен ғасырда миллиондаған көрерменнің жүрегін жаулап алған «Ине» фильмі 20 жылдан соң толықтырылып, «Ине-Ремикс» деген жаңа атаумен көпшілікке қайта ұсынылды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Виктор Цой - кеңестік рок әншісі, «Кино» тобының мүшесі, сонымен қатар актер және режиссер. Ол өз ұрпағының нағыз кумиріне айналды, ал оның жанкүйерлерінің саны әнші қайтыс болғаннан кейін  жылдар өтсе де азаймайды. Виктор 1990 жылы 15 тамызда кездейсоқ жол апатынан қайтыс болды.

Заманының әйгілі әншісін Қазақстанмен байланыстыратын жалғыз дерек – қазақстандық режиссер Рашид Нұғмановтың «Ине» фильмі. 

«Мен ВГИК-ке оқуға түскен кезде Виктормен ресми түрде танысып, оған ынтымақтастық ұсындым. Ол сол кездің өзінде кеңестік рок жанкүйерлері арасында кеңінен танымал болды. Менің көз алдымда жаңа әндер дүниеге келді, альбомдар жазылды. Виктор екеуміз екі фильм түсірдік: «Йя-Хха»  және «Ине», деп еске алады ол.

Олар көптеген өзге де жобаларды жүзеге асыруды жоспарлаған, бірақ Виктордың кенет дүние салуы, бұған тосқауыл болған.

«Цой - мен үшін замандастарым арасындағы ең жақын музыкант ғана емес, сонымен қатар ең жақын досым еді», - дейді Нұғманов.

Кейін, 2010 жылы өткен ғасырда миллиондаған көрерменнің жүрегін жаулап алған «Ине» фильмі 20 жылдан соң толықтырылып, «Ине-Ремикс» деген жаңа атаумен көпшілікке қайта ұсынылды.

Фильм авторларының айтуынша, фильмнің жаңартылған түрін бір жағынан, бұрынғы «Иненің» қайта шығарылған нұсқасы деп атауға болады. Ал екінші жағынан, бұл қайта монтаждалып, дыбысталып өңделген жаңа фильм, дейді олар.

Виктор Цой 1962 жылы Ленинградта дүниеге келген. Әкесі жағынан оның түп-тамыры корей ұлтынан шыққан. Цой орта мектепте оқып жүрген кезінде музыкаға қатты қызығушылық танытады. Ол гитарада ойнауды үйреніп, «Палата нөмірі 6» атты алғашқы тобын құрады. Виктор сурет салуды да жақсы көретін, тоғызыншы сыныптан кейін Ленинградтың көркемсурет училищесіне оқуға түседі. Алайда, жас жігіт мекеме қабырғасында ұзақ жүрген жоқ. Ол уақытының көп бөлігін музыкаға арнады және көп ұзамай төмен оқу үлгерімі үшін оқудан шығарылады.

Кейіннен Виктор ағаш кескіш болып жұмыс істейді, бірақ бір күн де музыкаға деген талпынысын тоқтатпады. 1981 жылы Олег Валинский және Алексей Рыбинмен бірге ол «Гарин және Гиперболоидтар» рок-тобын құрады, кейін топ атауын «Кино» деп өзгертуге шешім қабылдайды. Команда Ленинград рок клубымен және оның танымал өкілі Борис Гребенщиковпен ынтымақтастықта болды. Оның көмегімен «Кино», «45» деп аталатын алғашқы альбомын шығарады.

Көп ұзамай екінші «Камчатка бастығы», одан кейін үшінші - «Түн» альбомы жарық көреді, ол топтың бүкіл мансабындағы үздіктердің бірі саналады. Одан кейін ерекше танымал болған туындысы - «Қан тобы» дискісі еді. 

Виктор Цой Кеңес одағында ғана емес, алыс шетелдерде де миллиондаған адамның кумиріне айналды. Топ өзінің стадиондары мен концерттік залдарын жинай бастады, оның энергиясына сүйсінетін жанкүйерлері көбейді. 80-ші жылдардың аяғында Виктор көпшілік алдына шықты және актер ретінде «Ине» және «Асса» фильмдерінде басты рөлдерді ойнады. Бұл үшін оған түрлі сауалнамалар бойынша «Елдің ең үздік актері» атағы берілді. 

Виктор Цой 1990 жылы 15 тамызда кенеттен қайтыс болды. Сол күні ол өзінің «Москвич» автокөлігімен Тукумс маңында Латвияның Слока - Талси жолымен Балтық елдерінде өткізген қысқа демалыстан қайтып келе жатқан. Жолдың 35-ші шақырымында көлік Икарус автобусымен бетпе-бет соқтығысады. Жол апаты салдарынан Цой қаза болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары