$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында алкоголь өнімдерін шығаратын бірнеше жасырын цех әшкереленді

ҚМА мәліметінше, деректер бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жария етілмейді.

ҚМА Түркістан облысы бойынша департаменті жасанды алкоголь өнімдерін шығаратын цехтерді әшкереледі, - деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігі.

"Жедел-тергеу іс-шаралары барысында бір топ адам Түркістан облысы және Шымкент қаласында орналасқан қойма үй-жайларында жасанды алкоголь өнімін өндіру бойынша 3 жасырын цех жұмыстарын ұйымдастырып, заңсыз өнімді Түркістан облысы аумағында орналасқан сауда орындарына сатқан.

Цехтерде жүргізілген тінту кезінде 5,5 мың дана есепке алу-бақылау маркалары, 5 тоннадан аса құрамында спирті бар сұйықтық, 6,5 мың бөтелке арақ, 24 мыңнан аса заттаңба анықталып, тәркіленді", - делінген хабараламада.

ҚМА мәліметінше, деректер бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жария етілмейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары