ШҚО-да жоғалып кеткен 11 жастағы Тамерлан табылды. Жағдайы жақсы. Бұл туралы полиция мәлімдеді.
11 жасар баланың есімі - Ахмеджанов Тамирлан Тимурұлы.
Іздестіру шаралары барысында оны ТМК көпірінің маңында, шұңқырдан тапқан. Қазір оған медициналық көмек көрсетілуде.
Айта кетейік, бала аутизмге шалдыққан. Оны іздеу жұмыстарына 500-ден аса адам жұмылдырылған болатын. Оның ішінде, құтқарушылар, кинологтар, Ұлттық Ұлан сарбаздары, волонтерлер, құқық қорғау саласының мамандары бар. Квадрокоптермен де іздеген еді.