15.08.2022, 18:20

Шығыс Қазақстанда жоғалған 11 жасар Темірлан табылды

Оны іздеу жұмыстарына 500-ден аса адам жұмылдырылған еді.

ШҚО-да жоғалып кеткен 11 жастағы Тамерлан табылды. Жағдайы жақсы. Бұл туралы полиция мәлімдеді.

11 жасар баланың есімі - Ахмеджанов Тамирлан Тимурұлы.

Іздестіру шаралары барысында оны ТМК көпірінің маңында, шұңқырдан тапқан. Қазір оған медициналық көмек көрсетілуде.

Айта кетейік, бала аутизмге шалдыққан. Оны іздеу жұмыстарына 500-ден аса адам жұмылдырылған болатын. Оның ішінде, құтқарушылар, кинологтар, Ұлттық Ұлан сарбаздары, волонтерлер, құқық қорғау саласының мамандары бар.  Квадрокоптермен де іздеген еді.