16.08.2022, 03:00

Атырауда ішінде балалар бар тұрғын үй өртеніп кетті

Алдын ала болжамға сәйкес өрттің тұтануына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Атырауда өрт сөндірушілер өрттен 14 адамды құтқарды. Оның ішінде 8 бала бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, өрт бүгін, 15 тамызда тұтанған.

Бұл туралы хабар департаменттің диспетчерлік пультіне сағат 13:44-те түскен.

«Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер Атырау қаласының Қ.Сәтпаев көшесіндегі тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтердің жанып жатқанын анықтады. Пәтердің 12 шаршы метрлік бөлмесінде үй заттары, жиһаз бен тұрмыстық техника өртенген. Құтқарушылар өртенген пәтер орналасқан кіреберістегі пәтерлерден 14 адамды, оның ішінде 8 бала эвакуацияланды», -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Пәтердегі жалын сағат 14:08-де өрт сөндірілді. Өрттен қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжамға сәйкес өрттің тұтануына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Жалынды сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінен 6 қызметкер мен 2 техникасы жұмылдырылды.

«Облыс аумағында биылғы 7 айда 159 техногендік сипаттағы өрт оқиғасы тіркеліп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 13,5 пайызға аз. Жалынның салдарынан 11 адам шегіп, былтырғыдан 8,3 пайызға төмендеді. Өкінішке қарай, өрттен 2 адам қаза тапты», - дейді департаменттің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Б. Қабақов.