$ 494.87  520.65  4.91

«Кісі басына - 20 литрден»: Алматыда көлік жүргізушілері дизель таппай сабылып жүр

Жанар-жағармай құю бекеті қызметкерлері мұнай базасында отын жоқ, сондықтан өздерінде қалғанды там-тұмдап сатуға мәжбүр екендерін айтады.

Алматыда адамдар дизель отынын таппай, сабылып жүр. Егер бекетте дизель бар болса, онда да оны шектеулі көлемде сатады: кісі басына - 20 литрден, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Бармаған жерім жоқ. 10 жанар-жағармай құю бекетіне бас сұқтым, бірақ дизель жоқ. Іздеп, ары-бері жүрміз. Дизель жоқ дейді, тек талон бойынша береді. Шамамен 20 литр береді. Одан артық бермейді", - дейді Арлан Орынбасар КТК телеарнасына берген сұқбатында.

Жүргізушілердің айтуынша, Алматыда дизель отыны тапшылығы өткен аптада байқалған. Басында кісі басына 40 литрден артық бермейтін. Қазір осы көлемді екі есеге тағы азайтқан.

Жанар-жағармай құю бекеті қызметкерлері мұнай базасында отын жоқ, сондықтан өздерінде қалғанды там-тұмдап сатуға мәжбүр екендерін айтады. Олар алдымен клиенттерге талон бойынша, содан кейін жалпыға сатады.

Қалалық әкімдіктегілер қаланы дизель отынының қажетті көлемімен қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз деп сендірді. Мұнай базасы мен ЖМҚС-дағы қорларға тұрақты мониторинг жүргізіліп отырады. Қазақстандық үш МӨЗ-ден солярканы үздіксіз жеткізу бір жолға қойылған.

"Айта кету керек, қалада тұтыныс көлемінің артуы басқа өңірлерден транзиттік жүк көліктерінің көптеп келуі, соған байланысты дизель отынына сұраныстың артуымен байланысты. Қазіргі уақытта Алматы қаласының әкімдігі ҚР Энергетика министрлігімен бірлесіп үш қазақстандық МӨЗ-ден (Павлодар, Атырау, Шымкент) дизель отынын үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуде АЖС ірі желілеріне жәрдем көрсетуде", - дейді Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары