Синоптиктер ауа райына байланысты бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 16 тамызда таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жетісу облысының солтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с.
Талдықорған қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қаласында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 17 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың батысында 35 градус қатты ыстық сақталады.