$ 447.4  477.55  4.76

Асхат Аймағамбетов ұлына мектеп формасын қанша теңгеге алғанын айтты

Бірнеше ақ жейде, шалбар, костюм, галстук алдық. Бағасына келсек, 35 мыңға жуық ақша кетті.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ұлының мектеп формасын қайдан және қанша теңгеге алғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, әзірге мектеп жасындағы бір баласы бар.

«Осы демалыста баламды ертіп дүкенге бардым. Бірнеше ақ жейде, шалбар, костюм, галстук алдық. Бағасына келсек, 35 мыңға жуық ақша кетті. Қайдан десеңіздер, «Гласман» атты дүкенге барып, жұртпен бірге кезекке тұрып, 36-өлшемді киім алып қайттық. Барлық отбасылар секілді біз де мектепке дайындықты бастадық», - деп жауап берді министр Үкімет кулуарында тілшілердің сұрағына.

Сонымен бірге, министр әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға мектеп жарағын алуға көмек көрсетілетінін еске салды.

«Биыл өте маңызды екі шешім қабылдадық. Бұл мәселені ата-аналар үш жыл бойы көтерген еді. Біріншіден, оқушыларға шақ емес, жеңі салбырап тұратын мектеп формалары таратылатын. Бұл мәселені шешу үшін формаға қажетті қаражатты ата-ананың жеке шотына аударуды ұйғардық. Бұл жұмыстар жүргізіліп жатыр. Екіншіден, мысалы Солтүстік Қазақстанда былтыр бір оқушыға 17 мың теңге ғана бөлінетін. Кей өңірлерде 20 мың, кей өңірлерде 25 мың теңге беріліп келген. Енді биыл қаражаттың ең төменгі деңгейін 37 мыңға дейін көтердік. Кей өңірлерде, мысалы Алматы қаласында 43 мың теңгеге дейін көбейтілді. Біз мұны қолдаймыз. Бұл шешімдер 475 мың баланың мәселесін шешуге көмектестеді», - деді Асхат Аймағамбетов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары