$ 445.66  474.58  4.78

Мас күйінде көлік жүргізген мемлекеттік қызметшінің баласы қамауға алынды (ВИДЕО)

Сонымен қатар, құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екені анықталды.

Павлодар облысының Успен ауданында рөлге мас күйінде отырған жас жігіт ұсталды. Оның жүргізуші куәлігі де болмаған. Ал көлік мемлекеттік мекемеге тиесілі болып шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық полиция департаменті ұсынаған мәліметке сәйкес, 15 тамыз күні таңғы сағат 04:19 шамасында Ольгино ауылында мемлекеттік мекемеге тиесілі көлік тоқтатылды.

Рөлді 24 жастағы жігіт болды. Ауыл тұрғыны рөлге мас күйінде отырған. Оны медициналық тексеріс те растады.
"Сонымен қатар, құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екені анықталды. Ер адам түнде үйдің ауласында әкесінің қызметтік көлігін сұрамай алғанын айтты. Әкесі ауданның мемлекеттік мекемелерінің бірінде жұмыс істейді", - дейді полицейлер.

Мемлекеттік қызметшінің баласы Әкімішілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы, 6-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша жауапқа тартылды. Тәртіп бұзушы 20 тәулікке қамауға алды. Ал көлік айып тұрағына қойылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары