$ 494.87  520.65  4.91

Шымкенттік шенеунік жолға бөлінген 747 млн теңгені жымқырған

Бұған қаражат «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы бөлінген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Жыл басынан бері жол саласындағы жемқорлық бойынша 15 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алдын алу қызметінің басшысы Саян Ахметжанов мәлім етті.

«2021 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 18 сотқа дейінгі тергеу ашқан болса, биыл жартыжылдықтың өзінде ғана 15 сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Мұның бәрі – қылмыстық істер. Оның көбі ақша жымқыру, парақорлық лауазымдық өкілетін пайдалану баптарымен байланысты», - деген агенттік өкілі бірнеше мысал келтірді.

«Мысалы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өндірісінде Батыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшының үстінен қозғалған іс жатыр. Ол жалпы сомасы 180 млн теңгеден асатын жұмыстардың орындалғаны туралы жалған актіге қол қойды деген күдікке ілінді. Күрделі жөндеу нысаны – «Нұрлы жол» бағдарламасаның аясында қаржы бөлінген «Бөрілі-Ақсай-Жымпиты» бағытындағы жол.

Сондай-ақ Шымкент қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы мен өзге тұлғалардың үстінен де қылмыстық іс тергеліп жатыр. Олар былтыр қазан айында мемлекет бюджетін ысырап ету арқылы 747 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған. Мұнда да қаражат «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы бөлінген», - деді Саян Ахметжанов.

Ал  «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов қазақстандықтарға сапасыз жол туралы анонимді шағым түсіру мүмкіндігі ұсынылғанын атап өтті.

«ҚР Президентінің сыбайлас жемқорлықпен күрес бастамаларын жүзеге асырып, қоғамның белсенділігін арттыру мақсатында салалық агенттікпен бірге «Әділдікті талап ет» атты респбуликалық акция бастадық. Біз азаматтарды, бүкіл саяси күштерді, қоғамдық бірлестіктерді акцияғабелсенді түрде қосылуға және жолдардыңжағдайын бірге жақсартуға шақырамыз», - деді агенттіктің қоғамдық кеңес мүшесі.

Оның айтуынша, бірлестіктің ресми сайтындағы мәліметтерді пайдаланып әр азамат өз бетімен жолдың сапасын тексере алады.

«Бірақ бұл жерде қауіпсіздік ережелерін ұмытпау керектігін ескертемін. Қажет болса, сайттағы арнайы байланыс деректері арқылы мамандарға хабарласып, бірге мониторинг жасауға болады. Adildik.kz сайтына немес «1463» call-орталығына хабарласуға болады. Adildik.kz сайтына сапасыз, шұрық-тесік жолдың фотосы мен видеосын жіберуге болады. Тіпті аты-жөніңізді айтпай, құпия түрде де шағым түсіре аласыз. Ең бастысы, ақауы бар жолдың нақты орнын жазып, фото немесе видео айғақ салу қажет. Сол фото, видео арқылы мониторинг ашып, тексеру жүргіземіз. Керек болса, тәуелсіз зертхана арқылы тиісті зерттеу жасап, нақты дайын ақпаратты антикор мен әкімдіктерге жолдаймыз», - деді Дидар Смағұлов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары