Тәртіп сақшылары өзге ел азаматтығына өткенін дер кезінде хабарламаған Шарбақты ауданының тұрғынын анықтады. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлайды.
Әйел адам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алғанын хабарламаған.
“Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын 57 жастағы әйел Ресей Федерациясының азаматтығын алған, бірақ қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде шетелдік азаматтығын алғаны туралы хабарламады. Шетел азаматшасына қатысты ҚР ӘҚБК 496-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, іс сотта қаралды”, - деді Шарбақты ауданы полиция бөлімінің бастығы Нұрғали Омарбеков.
Сот қаулысымен әйелді елден шығару туралы шешім қабылданды.
Биыл осындай бұзушылықтар үшін 158 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.