Қостанай қаласында Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемдегі пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
17 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы Соттың Ішкі қауіпсіздік бөлімнің өзара іс-қимылы нәтижесінде Қостанай қаласында Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемдегі параны алу кезінде ұсталды.
Ақша мүдделі тараптың пайдасына соттың оң шешімін алу үшін көзделген.
Басқа ақпарат тергеудің мүддесі үшін жарияланбайды.
- ҰҚК-нің Тергеу департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде, - деді Жоғарғы сотта.