Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облыстық департаменті мемлекеттік инвестициялық бағдарлама аясында 484 млн теңге бюджет қаражатының жымқырылғанын анықтады, - хабарлайды Skifnews порталы.
Агенттіктің ақпаратынша, ақша шаруа қожалықтарына күн энергиясын пайдаланып құдықтардан су көтеретін құрал-жабдықтар сатып алуға субсидия ретінде бөлінген.
Сот үш адамды кінәлі деп тапты. Іске қатысы бар бір адам 5 жылға, қалғандары 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.
Ведомство сотталғандар жазасын «орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде» өтейтінін атап өтті.