18.08.2022, 18:00

Қостанай облысында шаруаларға субсидия ретінде бөлінген 484 млн теңге ұрланды

Фото: ашық дереккөзден
Сот үш адамды кінәлі деп тапты.

Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облыстық департаменті мемлекеттік инвестициялық бағдарлама аясында 484 млн теңге бюджет қаражатының жымқырылғанын анықтады, - хабарлайды Skifnews порталы.

Агенттіктің ақпаратынша, ақша шаруа қожалықтарына күн энергиясын пайдаланып құдықтардан су көтеретін құрал-жабдықтар сатып алуға субсидия ретінде бөлінген.

Сот үш адамды кінәлі деп тапты. Іске қатысы бар бір адам 5 жылға, қалғандары 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Ведомство сотталғандар жазасын «орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде» өтейтінін атап өтті.