Қазгидромет 19 тамызда елдің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
19 тамызда түнде Қарағанды облысының солтүстік бөлігінде тұман, жер бетінде 2 градус үсік жүреді.
Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде және орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып екпіні 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батыс бөлігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында екпіні 23 м/с.
19 тамызда Абай облысының Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, шығысында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
Нұр-Сұлтан қаласында 19 тамызда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік болады.
Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында, шығысында жер бетінде үсік 2 градус күтіледі.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Түнде батысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.
19 тамыз күндіз Атырау облысының басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, 17-22 м/с. Күндіз 37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шымкент қаласында 19 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
19 тамызда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.