$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы парамен ұсталды

Ол 260 мың теңге сомасында пара алған.

Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің Түрксіб ауданы бойынша кірістер басқармасының бас маманы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, ол 260 мың теңге сомасында пара алған.

"Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотының үкімімен Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің Түрксіб ауданы бойынша кірістер басқармасының бас маманы Н.Қарабалаев пара алуда көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Бас маман жеке кәсіпкер (1-ші топтағы мүгедек) мен «З» қоғамының басшысынан ЖК шотынан арестты алып тастаумен арнайы салық режимін қалдырғаны үшін 260 мың теңге сомасында пара алған.

«Н.Қарабалаевқа мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды», - делінген департамент таратқан мәлімдемеде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары