Ақтөбеде жасөспірім мотоцикл руліне ие бола алмай, аударылып қалды. Салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті тағы да ескерту жасады. Жол-көлік оқиғасын болдырмау үшін ережені қатаң сақтау керек.
«Кәмелет жасқа толмаған ақтөбелік мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ «LT-200» мотоциклімен Хромтау ауданының Тасөткел ауылы бағытында келе жатып, рульді басқара алмай қалды. Ол оң жаққа аударылып кеткен. Тексеру кезінде қажетті жүргізуші куәлігі болмағаны анықталды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жасөспірім алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстық кодекстің «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.