$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда намаз оқымағаны үшін ұлын ұрып-соққан ер адам қамалды

Жасөспірім 15 тамыз күні ауруханаға жеткізілді.

Алматыда ересек ұлын ұрып-соққан ер адам қамалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.  Жасөспірім 15 тамыз күні ауруханаға жеткізілді.

Жас жігітке жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының жарақаты, маңдай қуысының алдыңғы қабырғасының сынуы, мұрын сүйектерінің сынуы диагнозы қойылды.

Тағы оқыңыз: Алматы тұрғыны баласын намаз оқымағаны үшін әбден ұрып, жансақтау бөлімінен бір-ақ шығарған

Алатау аудандық Полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Күдікті – К.есімді азамат ҚР ҚПК-нің 128-бабы бойынша ұсталды және УҰИ қамалды. Тергеу барысы Алматы Полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды

Еске сала кетейік, кеше жәбірленуші тарапы ұлына қол жұмсаған ер адамның әлі бостандықта жүргенін айтып, шағымданған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары