$ 444.22  476.38  4.82

«Қырғыз бен өзбек базары қазаққа ғана керек» – сарапшы

Ішкі және сыртқы нарықты көршілес мемлекеттермен бірігіп реттеу керек екенін айтады сарапшылар.

Әлемдік дағдарысты шешудің жолдары талқыланған жиында танымал сарапшылар: "Орта Азия мемлекеттері бірігу керек, қырғыз бен өзбек базары Еуропаға емес, қазаққа керек", - дейді . Бұл туралы Alataunews.kz хабарлайды.

Алпауыт мемлекеттерге ауыз ашпай ішкі және сыртқы нарықты көршілес мемлекеттермен бірігіп реттеу керек, дейді сарапшылар. Олардың айтуынша әлемдік дағдарыс бөлінгенді бөріше жеуі мүмкін.

«Мұнай экспортталмай жатыр деп дабыл қағамыз. Еуропа елдеріне шығармай-ақ, көрші Өзбекстан, Қырғызстанға берейік. Есесіне су тапшылығын көрмейміз. Сондай-ақ магистраль мәселелерін шешуіміз керек. Көршілес елдермен бірге экономикалық мәселені шешсек, әлдеқайда ұтамыз», – дейді қаржыгер-сарапшы Расул Рысмамбетов.

Сондай-ақ жұмыссыздық мәселесі де өте өзекті. Сарапшылардың айтуынша, қазақстандық кәсіпкерлер жұмысшылардың жоқтығынан істері алға баспай тұр.

«Менің бір кәсіпкер танысым бар. Ол маған «300 мың теңге айлыққа жұмысшы таппай отырмын» дейді. Әкімдіктерде қаржыны игерілмеді деп жатады. Себеп не десеңіз «Қырғызстан бен Өзбекстаннан жұмысшылар келмейді»  деп жауап береді. Мемлекеттер өзара бірігіп, осы мәселені неге шешпеске? Есесіне жұмыс күшінен тапшылық көрмес едік, шаруа да уақытында бітер еді», – дейді экономика ғылымдарының докторы Акимжан Арупов.

Сарапшылардың айтуынша, әлемдік дағдарысқа төтеп беру үшін Орта Азиядағы көршілес мемлекеттер бірігіп, әлеуметтік-экономикалық жоспар құру керек. Бірінде жоқты бірінен алып, өзара қарым-қатынас орнатқанда ғана ахуал тұрақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары