Алматы облысының тұрғыны өзінің 12 жастағы ұлына балалар лагерінде қысым көрсетіліп, қорланып, тіпті соққыға қалғанын айтып шағымдануда. Қазір бала бас ми жарақатымен ауруханаға түскен, деп хабарлайды КТК арнасы.
Анасы бұл туралы тек ұлы ауруханаға түскен кезде ғана білгенін айтады. Мұхамедәліге бас ми жарақатынан бөлек өзге де жарақаттар алған. Оның анасы лагер директорына баруға тырысқанымен оны ішке кіргізбепті. Ал бұл лагерде жетім қалған және аз қамтылған отбасынан шыққан балалар демалған.
“17 тамыз күні сағат 17:30-дар шамасында маған ұлым өзге номермен қоңырау шалып, менің бүгін соңғы күнім деген сөздерді айтты. Мен бірден лагерь қызметкерлеріне хабарласып не болып жатқанын тұтқаны ұлыме беруін сұрадым. Кейін бірден сол жаққа бардым. Барсам ұлым соққыға жығылған, әбден қорқып қалған күйде жатты. Біз оны дереу ауруханаға жеткіздік”,- деді ұлдың анасы Сандуғаш Сұлтан.
Дәрігерлер баланың бас ми жарақаты мен денесінің көгергенін айтты.
“Жағдайы ауруханаға түскен кезде ауырлығы орташа болды. Жарақаттану фактісі бойынша ұрып-соғу, бас-ми жарақаты, ми шайқалу, жұмсақ тіндердің, бастың, денесінің және аяқ-қолдарының көптеген көгерулері диагнозы қойылды”,-деді нейрохирург дәрігер Есентай Жанабаев.
Сандуғаштың айтуынша жасөспірімді достары жарақаттаған. Алайда олардың арасындағы кикілжіңге кеңесшілер себеп болған. Жағдайды түсіну үшін әйел лагерьге барғанымен ол аймаққа кіре алмаған.
Біз қақпаны балалар шығып кетпес үшін жауып қойдық, оны аша алмаймыз. Оның үстіне директор бұған рұқсат бермеді. Ол өзі келіп бәрін түсіндіреді”,- деді "Tau Lend" балалар сауықтыру лагерінің қызметкері Нұрым Нұрбаев.
Сандуғаш қанша күткенімен директор оқиға орына келмеген. Алайда Мәжіліс депутаты Әлия Әбсембетова келіп жағдайды көріп, ол да кіре алмады. Депутат жасыратын дүниелері жоқ болса, бұлай қақпаны жаппауы керек екенін айтып, 1 қыркүйекте жұмыс кезінде осы мәселені қолға алып, депуттатық сауал жолдауы мүмкін екенін жеткізді.
Бұл лагерьге одан кейін әкімдік қызметкерлері мен полицелерге дейін келген. Алайда құқық қорғаушылар іштегі баланың ұялы телефонының жоғалуына байланысты шақыртумен келген көрінеді.
Лагерге бұған дейін де ата-аналар қауымдастығы тарапынан, балалардан көптеген шағымдар түскен. Айтуларынша мұнда дұрыс тамақтандырудан бөлек, тіпті ыстық су жоқ екен.
“Өткен лагерьде ата-аналар тарапынан көп шағымдар мен наразылықтар келіп түсті. Бұл лагерьде тіпті балаларды дұрыс тамақтандырмаған, ыстық су болмаған, жағдайлар жасалмаған. Соның салдарынан балалар өздерін өзі қамтамасыз еткен”,- деді Іле аудандық қорғаншылық және қамқоршылық органдарының маманы Ботагөз Төлеубекова.
Мұхамедәлінің анасы Сандуғаш құқық қорғау орындарына арыз жазған. Ол қажет болса лагерьді жабуын талап ететінін айтып отыр.