Қазақстандық Tiktok сегментінде жақында Елордада ашылған жаңа мешіт маңында билеген бойжеткеннің видеосы тарады. Видеодан күзетшінің қызға қарай бара жатқанын көруге болады.
Желі пайдаланушыларының пікірі сан түрлі. Бірі қыздың бұл қылығын ерсі санаса, енді бірі билегенде тұрған ештеңе жоқ десті. Ал үшінші топ оның психикалық ауытқуы бар адам шығар деп топшылаған.