$ 494.87  520.65  4.91

Тамыз айы Астанада жылы болады деп күтілуде

Тамыз айында орташа температура +16 +22С көрсетеді, деп хабарлайды astana.kz.

«Астана қ. ГБО» аймақтық басқармасы мәлімдегендей, алғашқы онкүндікте ауа райы бағаны +23,+28С дейін төмендейді, ал түнде +11 мен +16С көрсетеді.

«Келесі онкүндікте синоптиктердің болжауынша, күн ысып ауа райы көрсеткіші +28, +33С дейін көтеріледі, ал түнде +16, +21С жылы болады. Тамыз айының соңғы онкүндігінде ауа температурасы сәл төмендеп +18,+23С көрсетсе, кей жерлерде +28 ыстық болады. Түнгі уақытта +13 +18С құрайды. Кейін термометр бағаны күндіз +25, +30С дейін көтеріледі, ал түнде +13,+18С көрсетеді. Айдың соңғы күндері күн райы салқындап +15,+20С көрсетсе,түнде +3,+8С дейін көтеріледі. Тіпті -2С дейін тоңазыту да мүмкін», делінген хабарламада.

Айдың бірінші және үшінші онкүндігінде найзағайға ұласқан өткінші жаңбыр жауады деп күтілуде, сонымен бірге солтүстік-шығыс желінің жылдамдығы 15-20м/с дейін күшейеді. Ал ай ортасы мен соңында оңтүстік-батыс желі 15-20м/с дейін күшейеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары