$ 494.87  520.65  4.91

БҰҰ: Африканың шығысын аштық жайлады

Жұт жайлаған аймақта мал қырылып, ауыз су жетіспей жатыр.

Африканы мекендейтін 22 миллион тұрғынға аштық қаупі төніп тұр.

Бұған басты себеп – қуаңшылық. Біріккен Ұлттар Ұйымы Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілдері қазірден дабыл қағып жатыр. Жыл басынан бір үзім нанға мұқтаж жандардың қатары 9 миллион адамға толыққан.

Жұт жайлаған аймақта мал қырылып, ауыз су жетіспей жатыр. Жүздеген тұрғын босып кетті. Сарапшылардың есебінше, алдағы 6 айда дағдарысты еңсеру үшін кемінде  418 миллион АҚШ доллары қажет. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары