$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан соттарының барлық сайты бір уақытта жұмыс істемей қалды

Облыстық және Жоғарғы соттың барлық сайтында 2015 жылғы 26 наурыздағы жаңалықтар шығып кеткен.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандағы барлық соттардың сайты бір уақытта жұмыс істемей қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан уақытымен шамамен сағат 12.40-та белгілі болды.

Облыстық және Жоғарғы соттың барлық сайтында 2015 жылғы 26 наурыздағы жаңалықтар шығып кеткен. Ал 2022 жылғы жаңалықтар архиві қолжетімсізболып қалды. Десе де “Сот кабинетіне” кіруге болады. 

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі қазіргі таңда мамандар қолайсыздықтарды жоюмен айналысып жатқанын хабарлады. Сайтардың неліктен жұмыс істемей қалғанын ведомство түсіндірген жоқ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары