$ 444.22  476.38  4.82

«Бәйтерек» холдингі Сбербанктің Қазақстандағы үлесін толық сатып алды

«Бәйтерек» холдингі Сбербанк Қазақстанды сатып алу туралы шешім қабылдау кезінде оның елдің қаржы жүйесі үшін жоғары маңыздылығын бағалаған.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі мен Сбербанк тобы келісімге келді. Оған сәйкес, Бәйтерек Сбердің Сбербанк Қазақстандағы барлық үлесін («Сбербанк» АҚ ЕБ) сатып алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сбербанк қазіргі геосаяси жағдайды басшылыққа ала отырып және еншілес банк клиенттерінің мүддесіне сай әрекет ете келе, қазақстандық нарықтан шығу туралы шешім қабылдады. Сбербанк Қазақстан жеткілікті өтімділік резервіне, жоғары сапалы несие портфеліне ие және көп жылдар бойы Қазақстанның қаржы нарығының негізгі қатысушыларының бірі болып саналатын.

«Сбербанк Қазақстанды сатып алу туралы шешім қабылдау кезінде «Бәйтерек» холдингі оның елдің қаржы жүйесі үшін жоғары маңыздылығын бағалады. Банкке тиесілі заманауи инфрақұрылым мен технологиялар банкке қысқа мерзімде толыққанды жұмысқа оралуға және Қазақстан экономикасының нақты секторын қаржыландыруды бастауға мүмкіндік береді. Банк клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерін орындауды жалғастырады. Қолданыстағы клиенттер үшін банк өнімдерінің барлық шарттары өзгеріссіз қалады», - деп хабарлады «Бәйтерек» холдингі.

Мәміле банкке белсенді операцияларды толығымен қалпына келтіруге, депозиттерді тартуға және төлемдерді жүзеге асыруға, сондай-ақ халық пен бизнес үшін өнімдер мен қызметтерді дамытуды жалғастыруға мүмкіндік береді. Қазақстан нарығындағы клиенттермен өзара әрекеттесуде 15 жылдан астам тәжірибесі бар Сбербанк Қазақстан қызметкерлерінің кәсіби командасы өз жұмысын жалғастырады. Тараптар келісімді жақын арада аяқтауды жоспарлап отыр.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары