24.08.2022, 10:20

Қаңтар оқиғасында қаза тапқан сарбазға Қарағандыда ескерткіш орнатылды

Ол Талдықорғандағы құпия құжаттарды қауіпсіз жерге көшіру кезінде оқ жарақатынан көз жұмған.

Қаңтар оқиғасында қаза тапқан сарбаздардың біріне Қарағанды облысы Шахан ауылында ескерткіш орнатылды. Бұл туралы Ekaraganda сайты хабарлайды. 

“Дәл осы ауылда келісімшартпен қызметін атқарған сарбаз Әділ Нұркенов өсіп-өнген. Ол Талдықорғандағы құпия құжаттарды қауіпсіз жерге көшіру кезінде оқ жарақатынан көз жұмған”, – делінген сюжетте. 

Шахан ауылының әкімі Ғалым Өмірбековтің айтуынша, ескерткіш орнату туралы идея қаңтар айында туындаған. Монумент жергілікті демешу Сапар Ибкеевтің қаражатына салынды.