"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басшыларына 2021 жылы 292,4 миллион теңге сыйақы төленген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ атқарушы орган мүшелеріне төленген сыйақының жалпы көлемі 2021 жылы 292,4 миллион теңге болды", – делінген Қазақстан қор нарығының сайтында жарияланған хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, бұл қаржыға 2021 жылдың қорытындысы бойынша жалақы мен сыйақы кіреді. Сонымен қатар Қазақстандағы мемлекеттік мейрамдарға орай берілетін сыйлықақы да бар.
"Бәйтерек" холдингінің ресми сайтында басқарма мүшелері ретінде төрт адам көрсетілген: Қанат Шарлапаев – басқарма төрағасы, Нұрболат Айдапкелов – төрағаның бірінші орынбасары, төрағаның тағы екі орынбасары – Әділ Мұхамеджанов пен Ерсайын Хамитов.