Ақтөбе облысында жол апатынан үш адам ажал құшты. Қайғылы оқиға 23-нен 24 тамызға қараған түні болған.
"Шалқар – Ырғыз" автожолының 91 шақырымында Toyota Estima автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, аударылып кетті.
"Жол апаты салдарынан алған жарақаттардан үш адам қаза болды. Сондай-ақ төрт адам Шалқар қаласының орталық ауруханасына жатқызылды", - деп хабарлады ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Полиция азаматтардан жолда сақ болуды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.