$ 498.34  519.72  4.85

«Ұшақта бомба бар»: елорда әуежайында жолаушы дүрбелең тудырды

Полиция әуежайдың борты мен стерильді аймағына дереу тексеру жүргізді.

Елорда әуежайында мас жолаушы “ұшақта бомба бар” деп айқалаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында “TURKISH AIRLINES” авиакомпаниясының Нұр-Сұлтан – Анталья рейсіне жолаушыларды отырғызу кезінде 44 жастағы жолаушы бірнеше рет айналасындағыларға “ұшақта бомба” деп айқайлаған. Оның мас күйде екені анықталды.

Полиция әуежайдың борты мен стерильді аймағына дереу тексеру жүргізді. Тексеру барысында қандай да бір жарылғыш құрылғылар мен басқа да тыйым салынған заттар табылған жоқ.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодексінің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмыстық кодексінің осы бабына сәйкес бес жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Күдікті өз кінәсін мойындады.

Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары