$ 474.72  515.17  5.58

«Биыл 1-сыныптар үшін сабақ жаңа форматта басталады» – министрлік

Бірінші сыныптарда оқу уақыты сатылы режимде енгізіледі.

Қыркүйек-қазан айлары аралығында бірінші сынып оқушылары 35 минуттан оқиды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2-11 (12) сыныптардағы сабақтың ұзақтығы – 45 минут. Бірінші сыныптарда оқу уақыты сатылы режимде енгізіледі. Яғни, қыркүйек айында бірінші сынып оқушылары – 35 минуттан үш сабақ оқитын болады. Ал қазан айынан бастап 45 минуттан білім алады – санитариялық қағидаларға сәйкес, сабақ уақытында дене шынықтыру және көзге арналған гимнастика жаттығулары жасалады», - деп жеткізді министрліктің баспасөз қызметінен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары