$ 494.87  520.65  4.91

Канело - Головкин жекпе-жегінің төрешілері бекітілді

Трилогия 17 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile Arena шаршы алаңында өтеді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Канело Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің қазылар алқасы бекітілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Трилогия 17 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile Arena шаршы алаңында өтеді.

BoxingScene.com мәліметінше, рингте төреші Рассел Мора болады. Ал қазылар алқасы құрамы мынадай: Дэйв Моретти (Невада), Стив Вайсфельд (Нью-Джерси) және Дэвид Сазерлэнд (Оклахома).

Айта кетейік, Моретти Головкин мен Альварестің алдыңғы екі айқасында да қазылық еткен. Бірінші жекпе-жекте ол 115-113 есебімен қазақстандық жеңді деген шешім шығарған, ал қарымтада осындай есепті мексикалықтың пайдасына жазды.

Вайсфельд те Головкин мен "Канелоның" екінші айқасында қазылық еткен. Жеңісті ол мексикалыққа берген болатын - 115-113.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары