$ 498.34  519.72  4.85

Солтүстік Қазақстанда биыл қос азаматтықпен жүрген 94 адамға жаза қолданылды

«Қос азаматтық» үшін елімізде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Солтүстік Қазақстан облысында биыл шетелдің азаматы бола тұра Қазақстан паспортымен жүрген 94 адам анықталып, оларға әкімшілік жаза қолданылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО аумағында «Қос азаматтықпен» жүргендердің қатары артқан. Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ермек Нүсірбаевтың айтуынша, былтырғы жылдың 8 айында екі елдің паспортымен жүрген 85 адам анықталса, биыл ұқсас кезеңде заңды бұзған 94 шетелдік анықталып отыр. Яғни 11 % артқан. Олардың екеуі ел аумағынан шығарылса, 92 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Ақпан айында еліміздің бұрынғы азаматшасы мемлекеттік шекарадан өткенде ҚР құжаттарын және паспортын көрсеткен. Шекарашылар бұл фактіні тіркеп, материалды бізге көші-қон қызметіне жіберді. Кейін іс сотқа жетіп, нәтижесінде әйелге 200 АЕК мөлшерінде – 612 мың 600 теңге айыппұл салынды», - дейді Ермек Нүсірбаев.

Маманның айтуынша, «қос азаматтық» үшін елімізде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Қазақстан құжаттарын заңсыз қолданғандар елден депортацияланады немесе үлкен мөлшерде – 100 – 300 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуі мүмкін.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары