Қызыл жалынның жапсарлас орналасқан екіқабатты "Сабыржан" дүкенінің ғимаратына таралу қауіпі туындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
28 тамызда сағат 15-42-де келіп түскен хабарламаға сәйкес, өрт сөндірушілер жоғары дәрежедегі шақырту бойынша Алмалы ауданы, Райымбек көшесі, 212д/2 мекен-жайына аттанған.
"Оқиға орнына сағат 15:49-да келіп жеткен өрт сөндірушілер бір қабатты сауда бутиктері мен дәмхана өртеніп жатқанын анықтады. Қызыл жалынның жапсарлас орналасқан екіқабатты "Сабыржан" дүкенінің ғимаратына таралу қауіпі туындады", - дейді Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.
Өртті сөндіру үшін оқиға орнында екі учаскесі құрылды. Өрт оқпандары іске қосылды, суды үздіксіз берілді. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 25 минутта, сағат 16:16-да ауыздықталып, 16:31-де толығымен сөндірілді.
Айта кетейік, Алматы қаласы ТЖД жеке құрамы мереке күндері күшейтілген қызмет режиміне көшкен.