$ 494.87  520.65  4.91

Ішкі істер министрі болған Тұрғымбаев тергеуге шақырылды

Ақпан айынан бері Президенттің кеңесшісі болған Ерлан Тұрғымбаев 17 тамызда қызметінен кеткен болатын.
Фото: ашықдереккөзден
Фото: ашықдереккөзден

Үш жыл Ішкі істер министрі болған, одан кейін Президенттің кеңесшісі қызметін атқарған Ерлан Тұрғымбаев қаңтар оқиғасына қатысты тергеуге куәгер ретінде шақырылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Бас прокуратура "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің сауалына берген жауабында айтқан.

“Бас прокуратураның ведомствоаралық тергеу-жедел тобы тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтан  куәгер ретінде жауап алды”, — делінген ресми жауапта.

Ведомство тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жариялауға жатпайтыны хабарланған.

Ақпан айынан бері Президенттің кеңесшісі болған Ерлан Тұрғымбаев 17 тамызда қызметінен кеткен болатын. Оған дейін үш жыл Ішкі істер министрлігін басқарған.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары