30.08.2022, 03:00

Елорда әуежайы жанармай сатуға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

Фото:elements.envato.com
Бұған дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Нұр-Сұлтан әуежайында жанар-жағармай әртүрлі бағамен сатылғанын, бұл билет бағасына әсер еткенін мәлімдеген.

Елорда әуежайы жанармай сатуға қатысты ақпарат бойынша пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ жергілікті және шетелдік тасымалдаушыларға аэродромдық және жерүсті қызметтерін, соның ішінде авиациялық жанар-жағармайларды сатуды қамтамасыз етеді. Жолаушылар рейсін жанар-жағармаймен қамтамасыз етуде әуежайдың үлесі 3 пайыздан аз. Әуежай жүк рейстері мен шағын чартерлерге авиациялық керосин сатады. Негізгі әуекомпаниялар авиакеросинді (Air Astana, Scat және т.б.) өзі құйып отырады.

Әуе билеттерінің бағасын белгілеу әуежайдың құзыретіне жатпайды, бұл ақпаратты әуе кемелеріне тікелей өз авиациялық керосинін құятын әуекомпаниялар бере алады", - деді әуежай өкілдері.

Сондай-ақ, ведомство қызметкерлері әуежайда жолаушылар рейсіне авиакеросин сатылмайтындықтан, әуежай сататын авиакеросин билет құнына әсер етпейтінін қосты.

Бұған дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Нұр-Сұлтан әуежайында жанар-жағармай әртүрлі бағамен сатылғанын, бұл билет бағасына әсер еткенін мәлімдеген.