Шымкенттік полицейлер атыс қарулары мен оқ-дәрілер жасырылған екі орынды анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ІІМ мен Шымкент қаласы ПД және ҰҚКД қызметкерлері "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында мегаполис орталығындағы үйлердің бірінің қоршауы маңынан және орман алқабынан қару-жарақ жасырылған орындарды анықтады.
Нәтижесінде полиция қызметкерлері екі шолақ мылтық, ТТ-ға ұқсас тапанша, карабин, Калашников автоматы, "Сайга" тегіс ұңғылы мылтық, "Бенелли" аңшылық мылтығы, "Штурм" полиция қалқаны және бронжилет, сондай-ақ 115 оқ-дәрі және Ф-1 оқу гранатасын тәркілеген.
ҚР ҚК-нің 287-бабы 1 және 3-бөліктері "Қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, өткізу, сақтау және алып жүру" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта жедел уәкілдер қаруды жасырған азаматтарды анықтап жатыр.