$ 446.49  475.38  4.79

Той үстінде анасы тұрмысқа шығып жатқан қызына қол көтерді (видео)

Жаңа тұрмысқа шығып жатқан қыз басына хиджабқа тән орамал тағып алған.

Желіде қызына қол көтерген ананың видеосы тарады, деп жазады oinet.kz. Видеодан көрінгендей, жаңа тұрмысқа шығып жатқан қыз басына хиджабқа тән орамал тағып алған. Оны көріп ашуланған ана қызының жанына жетіп келіп, оны төпелей жөнеледі. 

"Келісіп алу керек еді. Ел-жұрттың алдында масқара болып бет жыртысып, тартысып ұят болды. Бір жағы, қыздың өз таңдауы. Өз таңдауы орамал болса сыйлауы қажет!", "Анасы уайымдап тұр. Ертеңгі күнін. Кейін бет-аузын ниндзиялар сияқты жауып тастайды", "Қазақтарда бұрын талақ болмаған. Талақ арабтардан келді. Арабтарда әйелдің күйеуі қайтыс болса. Бір жыл күтпей ала береді. Жусан операциясымен Сириядан әйелдер оралғанда бес баласы бар. Бес баласы бес еркектен. Байы қайтысымен келесі еркекке қосыла береді. Кішкене ренжесіп қалса талақ деп тастап кетеді", - деп жазды желі қолданушылары.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары