31.08.2022, 09:20

Президент Жолдауын телеарналар мен ақпарат агенттіктері тікелей эфирде көрсетеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 1 қыркүйекте сағат 11:00-де тікелей эфирде көрсетіледі.

1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасайды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 1 қыркүйекте сағат 11:00-де республикалық телеарналардан, ақпарат агенттіктерінің сайттарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

 

Сонымен қатар ҚР Президенті Баспасөз қызметінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан жедел ақпарат таратылады» делінген хабарламада.

Тегтер: жолдау