Талдықорғанда жасөспірім қызды зорлаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz басылымы.
Басылым мәліметінше, Талдықорған полициясына кәмелетке толмаған қыздың зорланғаны туралы арыз 29 тамызда түскен.
"Дерек бойынша ҚР ҚК 120-бабының 3-1 бөлігі және 121-бабының 3-1 бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалды. Зорлау Тоyota Camry автокөлігінің салонында болғаны анықталды. Автокөлік тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды", - делінген хабарламада.
Қалалық полиция қызметкерлері күдікті ретінде 20 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Тергеуді облыстық Полиция департаменті бақылауға алды.