Солтүстік Қазақстан облысында жемқорлықпен күрес қызметкерлері Ішкі істер министрлігіне қарасты кәсіпорын басшысын парамен ұстады, - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Еңбек-Қызылжар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалында жемқорлық фактісінің жолын кесті.
«2022 жылғы 23 тамызда мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша сотталғандар үшін азық-түлікті қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін осы мекеменің басшысы жеке кәсіпкерден пара алған кезде ұсталды. Күдікті Петропавл қаласының УҰИ-не қамалды»,-делінген хабарламада.
Кінәнің толық танылуын және сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеруді жүргізу туралы келіп түскен өтінішхатты ескере отырып, тергеу соты оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.
Кінәлілік дәрежесін сот анықтайды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.