$ 494.87  520.65  4.91

Пәкістанда су тасқынынан көз жұмғандар саны 1 100-ге жетті

Оның 380-дейі балалар.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Пәкістанда толассыз жауған жаңбыр салдарынан елдің үштен бірін су басып, 1 100-ге жуық адам көз жұмды. Олардың ішінде балалар да бар, деп хабарлайды Daily Mail басылымы.

Мемлекеттің премьер-министрі Шехбаз Шариф 1 100-ден астам адамның қайтыс болғанын, оның 380-дейі балалар екенін мәлімдеді. 

Пәкістан билігінің есебі бойынша, табиғи апаттан 33 миллион адам зардап шеккен. Бұл – ел тұрғындарының 15%-ы. 50 мыңнан астам адам елдің солтүстік-батысына көшірілді.

Табиғи апаттарды басқару ұлттық агенттігінің басшысы Ахтар Наваз Пәкістандағы 160 ауданның 72-сі табиғи апаттан зардап шеккенін айтты. 800 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқаптары су астында қалды.

2022 жылдың тамыз айында елде жауын-шашын 190%-ға дерлік көп түсті. Әсіресе, 50 млн халқы бар Синд провинциясы қатты зардап шекті, мұндағы жаңбыр 30 жылдағы орташа көрсеткіштен 466%-ға көп жауған.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш халықаралық қауымдастыққа үндеу жариялап, 5,2 млн адамға азық-түлік, су, санитарлық және медициналық көмек көрсету үшін 160 млн доллар бөлуге шақырды.

Пәкістан қазірдің өзінде Халықаралық валюта қорынан 1,1 млрд доллар көлемінде қаржылай көмек алды. Үкіметтің алдын ала есебі бойынша, су тасқынынан келген шығын 10 млрд доллардан асып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары