01.09.2022, 13:00

«Президенттің саяси шешімі елдің тұрақтылығы үшін қажет» – Әбдіғалиұлы

Фото: ашық дереккөз
Оның сайлауға қатысуы елдің тұрақтылығына өте қажет. Халық қазір бірігуі керек.

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Президенттің Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады BAQ.KZ.

"Саяси реформалар жүріп жатыр. Оларды одан әрі жалғастыру керек. Әлеуметтік ахуал мен экономикалық реформа да өзгерістерге мұқтаж. Соған байланысты көп ұсыныс айтылды. Оның барлығы іске асырылса, жақсы өзгеріс болады. Президент саяси өзгерістер туралы да айтты. Мемлекет басшысының саяси шешімін де атап өткен жөн. Оның сайлауға қатысуы елдің тұрақтылығына өте қажет. Халық қазір бірігуі керек", - деді ол. 

Әбдіғалиұлы жаңа конституциялық реформа мен сайлау халықты біріктіретінін айтты. 

"Мемлекет басшысының бастамаларын қолдап, ертең сайлау аброймен өтсе, реформаларды жалғастыруға үлкен мүмкіндік береді. Ең бастысы - елдің бірлігі", - деді Берік Әбдіғалиұлы. 

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында кезекті Жолдауын жариялады. Онда Президент әлеуметтік және саяси бастамаларды ұсынды.