$ 494.87  520.65  4.91

Сарыағашта өзгенің атына несие рәсімдеген зейнеткер ұсталды

Күдіктінің басқа да осындай алаяқтық қылмысына қатысы бар-жоғы анықталуда.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, оның атынан белгісіз біреу ақшалай онлайн несие алып, 70 мың теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бір айдан соң банктен несиеңізді төлеңіз деп хабар келгенде, жәбірленуші тез арада тәртіп сақшыларынан мән-жайды анықтауға көмек берулерін сұрады.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Арызданушының шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында Сарыағаш АПБ-ның тергеушісі қажетті іс-шараларды жүргізді.

Атқарылған тиянақты жұмыстың нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол зейнет жасындағы жұмыссыз әйел болып шықты.

Яғни, күдікті әйел сұлулық салонында жәбірленушінің сөмкесін байқатпай ақтарып, ішіндегі жеке куәлігін суретке түсіріп, өз арам ойын жүзеге асыру үшін несие рәсімдегені белгілі болды.

Қазіргі таңда зейнеткер әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің басқа да осындай алаяқтық қылмысына қатысы бар-жоғы анықталуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары